25.09.2024
  44


Автор: Сүндет той

Сүндетке отырғызу

Сүндетке отырғызу Мұсылман елдерінде, әсіресе біздің Қазақ елінде өте маңызды дүние болып табылады. Ұл балаларын сүндетке отырғызу ата-анасына парыз әрі сауапты іс. Қазіргі таңда ұлан-асыр той жасап, баласының сүндет тойын жасап жатқандар өте көп. Тіпті біреулер сол сүндет той үшін қолындағы барын шашып жібереді. Кейбір ақшасы көптер бір сүндет той үшін қаншама миллиондаған ақшасын жұмсаса, қалтасында ондай ақшасы жоқтар несие алып той жасайтын күйге жеттік. Жоқ, той болсын, бола берсін дейміз. Бірақ соншалықты ысырап жасаудың өзі несесе несие алып той жасау меніңше үлкен қателік сияқты.
Салтымызға сай баланы сүндеттеп, артынан әруақтарға тие берсін деп құран оқытып жіберсе осының өзі үлкен сауап деп ойлаймын. Дей тұрғанмен әркімнің өз ойы бар, өз жүрісі бар. Тек сол жүрісімізден адасып қалмасақ болғаны...
«Сүндетке отырғызу — ислам дінінде ер баланың жыныс мүшесіндегі тері бөлшегін кесу арқылы жасалатын ғұрып. Сүндет әуел баста араб халқының әдет-ғұрпы болатын. Сүндет мәселесі Құранда баяндалмағанымен, көне араб поэзиясы мен хадистерде айтылған. Сүндет Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) сүннеті болғандығы үшін де мұсылман халықтарында ерекше маңызға ие болды. Меккеде ер балалар 3 – 7 жасында сүндетке отырғызылады. Бұл ғұрып “таїар” деп аталады. Сүндетке отырғызылатын баланың құрметіне арналып той-думан жасалып, балаға ең әсем киімдер кигізіп, атпен серуендетеді. Мысырда ұл баланы 5 – 6 жасында сүндеттейді. Сүндетке отырғызатын адамды ерекше құрметтейді. Қазақ халқында сүндеттеуді қожа-молдалар атқарып келсе, қазір көбіне медицина қызметкерлері жүзеге асырады. Бала сүндетке отырғызылған соң көрші-қолаңға қонақасы беріліп, Құран оқытылады»
Міне, осындай үрдіспен жүзеге асырылатын сүндетке отырғызу әрбір мұсылман баласына міндетті болып табылады...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу