Эсселер ✍️

Сүндет тойы Қазақтың
Сүндет тойы қазақтың ешқандай ұлтқа, ешқандай елге ұқсамайды. Ерекше қадір қасиетке ие. Сүндет тойды ұлдарын сүндетке отырғызған, құран оқытып, сүндет тойларын жасап жатса, енді біреулері жай құран оқытумен ғана шектеліп қалады. Әркімнің жағдайына қарай жасалынатын сүндет тойды ақшасы көп аламдар ерекше стилмен, ерекше сценариімен жасайды. Тойға белгілі тұлғаларды шақырып сүндет тойды шоуға айналдырып жатады.
Енді біреулері қарапайым ғана өз туыстарының арасанда өткізіп жатады. Сүндет тойда баласын қазақи үрдіспен киіндіріп, астына ат мінгізеді. Балаға атты әдетте нағашылары атап жатады. Бұл той ағайын мен туыстардың, дос жарандар мен көршілер ортасында өтетін той. Бұрындары сүндеттелген баланы атқа мінгізіп екі жақтама салынған қоржынын тойлыққа толтырып туытары мен нағашыларына жіберген болса, олар қоржынның ішіндегісін алып, орнына басқа сый-сияпатын салып жіберетін болған. Қазіргі таңда бұл үрдіс жаңаша түрге еніп, сүндет тойдың салт-дәстүрге сай жаңаша үрдістері орын алып жатыр. Зананына қарай адамы демекші, әрбір уақыттың, әрбір жыл, әр ғасырдың өзіндік ерекшеліктері болатыны анық. Қандай жағдай болмасын Жаратқан иеміз бізді тойдан мақұрым қылмасын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇