25.09.2024
  42


Автор: Сүндет той

Сүндет той бәрімізге міндет қой

Сүндет той бәрімізге міндет қой, демекші, әрбір ата-ананың арманы ұлына сүндет той жасап беру, солай емес пе?! Сүндет тойдың басты мақсаты сүндетке отырғызған ұлдарын мұсылман болды деп құран оқытып, соңынан той жасау. Той жасау бірінің жағдайы көтерсе, бірінің жағдайы көтермес. Жағдайы көтермейтіндер тек құран оқытумен ғана шектеліп қалады. Жалпы сүндет тойды бір отбасында бір рет қана жасайды. Екі үш баласы бар ата-аналар барлық ұлының сүндет тойы деп бірге қосып жіберіп жатады. Сүндет той қазағымның салт-дәстүріне айналған той десек қате айтпағаным болар. Байқасаңыздар, сүндет той жасайтын ата-аналар баласын қазақи үрдіспен киіндіріп, тіпті өздері де қазақша киімдермен шығады. Салт-дәстүріміз кемде қап барады деп жатамыз. Бірақ сүндет тойда олай емес, қайсыбір сүндет тойға барсақ қазақи нақвшта киінген сүндеттелген баланы көреміз. Бұл біздің салт-дәстүріміздің әлі де болса жанданып тұрғанын көрсетеді.
Сүндет тойдың басты кейіпкері сүндетке отырып, мұсылман атанған бала. Алдымен әруақтарға құран оқытылып, содан соң ғана тойды өткізетін қазақпыз ғой.
Ал сүндет тойда баланың нағашысы жиенін мойнына салып, той алаңын айналып өтеді. Міне, дәл осылай бастау алған сүндет тойдың шымылдығын әулеттің үлкендері ашып, ақ баталарын береді. Міне осындай үрдіспен бастау алған сүндет той әрі қарай ақ тілектермен, әндер мен билерге ұласа береді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу