24.09.2024
  11


Автор: Түркістан қаласы

Құтты болсын қала күні Түркістан!

Құтты болсын қала күні Түркістан,
Әр күн сайын жарқырай бер, жандана.
Саған қарап таңырқаумен болсын тек,
Бүкіл әлем, айналаңда бар қала!

Құтты болсын қала күні Түркістан,
Әрбір ісің болсын дәйім оңынан.
Жаратқаным бір өзіңе жар болсын,
Ризығыңды етіп дәйім молынан!

Құтты болсын қала күні Түркістан,
Орындалсын арманың мен мақсатың!
Абыройың асқақтасың, мерейің,
Бар әлемге танылып тек жақсы атың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу