Эсселер ✍️

  24.09.2024
  57


Автор: Түркістан қаласы

Түркістан менің мекенім

Түркістан менің мекенім. Түркістан жері өте киелі жер. Қалада сонау орта ғасырда бой көтерген сәулет өнерінің ең кереметі Ахмет Яссауидің кесенесі. Оны Яхмет Яссауи бабамыз өмірден өткен соң, оның басына зиярат етіп келушілер көбейеді. Сол себепті Ахмет Яссауидің кесенесі салыну ұйғарылады. Бұл идеяның авторы және іске асырушысы Әмір Термір болады. Оның бұл кесенені тұрғызуы сан мыңдаған жылдарды бір-біріне жалғайтын ерекше сәулет өнері болды. Ия, Яссауи кесенесі жайлы айтыла қалса бәріміз бірден Түркістан қаласы жайлы сөз етіп отырғанын түсінеміз. Өйткені Яссауи кесенесі тек қана Түркістан қаласысына тиесілі. Кесене біздің Түркістан қаласының ең маңызды бөлшегі деп айта аламыз.
Соңғы бес жыл ішінде Түркістан қаласы адам танымастай сұлуланып, өзгеріп шыға келді. Қаланың кіре беріс жерінде, яғни Ұлы Жібек жолының бойында үлкен көп қабатты ғимараттар тұрғызылып, жаңа қала салынды. Жаңа автовокзал мен жаңа Эхо базары, қалаға қарасты ауылда Түркістан қаласынан ұшатын ұшақтардың мекені аэропорт салынып, қаланың маңызды қалалардың қатарына енуіне жол ашты. Ия бұл біздің — Түркістан. Түркістанмен мақтанамыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу