24.09.2024
  71


Автор: Түркістан қаласы

Түркістан — менің сүйікті қалам

Түркістан — менің сүйікті қалам. Түркістан жерінде туылғанымды мақтан етемін. Түркістан менің тәй-тәй басып, былдырлап сөйлеп, ең алғаш рет қадам басып сөйлеп үн қатқан жерім. Мен Түркістанды қатты жақсы көремін. Онда Яссауидің кесенесі бар, менің сүйікті қалам облыс болғаннан бері күн санап көркейіп, адам танымастай сұлулагып келеді. Яссауидің кесенесінің қасынан қазақи дәстүрімізді паш ететін этно ауыл салынса, ол жерде түрлі аймақтың өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп жатады. Ал Түркістан қаласына кіре беріс жердері, Ұлы Жібек жолынан, сол жолдың екі жақтама шетінен көптеген көп қабатты үйлер салынып, бұл жер «Жаңа қала» атанды. Жаңа қаладан облыстық әкімшілік, облыстық прокуратура, конгресс холл, оқушылар сарайы, мұз айдыны сияқты нысандар бой көтерді. Мұның бәрі Түркістан қаласының зор жетістігі деп білемін. Сонымен қатар қаланың шеткі ауыл жағынан аэропорт, жаңа автовокзал салынды. Ал Яссауидің кесенесіне қарасты маңда салынған «Керуен сарай» жайлы сөз етсек ол жайлы айтып тауыса алмасымыз анық. Түркістан біртіндеп жастар қаласына айналып келе жатқандай. Салынып жатқан жаңа нысандар менің сүйікті қалама ерекше күй сыйлап жатқанын байқаймын. Мен өте қуаныштымын, өйткені менің сүйікті қалам облыс болып, жанданып, көркеюде. Тек қана алға менің сүйікті қалам Түркістан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу