Шығармалар ✍️
Түркістан екі дүние есігі ғой!
«Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан Ер Түріктің бесігі ғой» — деп Мағжан Жұмабаев атамыз жырлағандай, бүгінде Түркістан қаласы етегін кеңге жайған, жанданып, жаңарған қала.
Түркістан ең көне қала, құрылған уақыты 500 жыл, яғни 5 ғасыр болған қала. 2019 жылдан бастап Түркістан облысы атанып, облыс орталығына айналған қаланың бүгінгі тыныс тіршілігі күн күндеп дамып келе жатқан тарихи маңызы зор қала. Облыс статусын алғалы бері көптеген көз тартатын үлкен ғимараттар салынып, үлкен нысандар бір өзіне баурап алады. Жаңа қала салынып, онда көп қабатты үйлер бой көтерді. Ахмет Яссауидің кесенесі де жаңартылып, кесененің қасынан этно ауыл бой көтерді. Этно ауыдда көптеген мәдени іс-шаралар болып, Қазақстанның әрбір аймағының өнерпаздары өз өнерлерін осы Этно ауылда паш етеді. Одан бері сәл жүргенде Керуен сарай, субұрқақ көл жаныңызды нұрландырады. Осы Керуен сарайға жақын жерде, Түркістанға кіре беріс жерде екі павлин сіздерге сәлем беріп тұрғандай әсер береді. Күндізгі Түркістанның күйі ерекше әсерлі болса, түнгі Түркістан тіптен жарқырап кетеді. Түрлі түсті светтер мен Керуен сарайдың түнгі аорасы адамды тамаша күйге бөлейді. Одан бөлек, Түркістан қаласының сырт жағынан Эхо базар, жаңа автовокзал салынса, Шаға ауылдық округі бойынан Түркістан аэропорты бой көтерді. Сонымен
қатар, жаңа қала деп аталатын Түркістанның жаңа аймағынан Конгресхолл, мұз айдыны, оқушылар сарайы, жаңа облыстық әкімшілік салынды. Міне, түрленген Түркістан осындай жаңаша жанданып, жаңашылдыққа ие болған қала болып
табылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter