Эсселер ✍️
Түркістан жайлы тарихи деректер
Түркістан — Қазақстан қалаларының ішіндегі ең көне қалалардың бірі де, бірегейі. Түркістан жайлы оның тарихына үңілер болсақ Түркістан қаласы ертеде «Шауғар» деп аталған қала. Ол ұлы Жібек жолының бойында орналасқан көне қала.
Кейіннен Мұсылман діні орныққаннан бастап Түркістан қаласы Иассы деп аталған. Ақын Қожа Ахметтің Иассауи болатыны осы тұстан бастау алады. 2000 жылы Түркістан қаласы өзінің 1500 жылдығын тойлады. Тағы да тарихтың алтын жазбаларына үңілетін болсақ: Түркістан – VII-XII ғасырларда саяси-экономикалық орталық болған қала.
ХІІ ғасырда Түркістан мұсылмандар үшін қасиетті мекенге айналды. ХІІ ғасырда сопылық ілімді белсенді ұстанушысы Қожа Ахмет Ясауи осы қалада жерленеді.
Яссауи өмірден өткен соң қабірінің басына үлкен мазар тұрғызылды. Мазар сол кезде көптеген мұсылмандардың зиярат ететін киелі орнына айналады. Яссауидің басына үлкен етіп кесенесін тұрғызуға Әмір Темір бірден бір атсалысып, үлкен мешіттің бой көтеруіне жол ашады. Басында кесенені тұрғызып жатқанда қайта-қайта құлап қала береді. Сонда Әмір Темірдің түсіне кіріп Яссауи атамыз: «Бірінші ұстазым Арыстан бабтың кесенесін тұрғыз» дейді. Міне, содан кейін ғана бой көтеріп, тұрғызылған Яссауи кесенесі Түркістан қаласындағы ең көне, тарихи маңызы зор кесене болып табылады.
Сонымен қатар Түркістан қаласындағы Яссауидің кесенесінде хандар мен сұлтандар жерленген. Бұл жерде ғылыми деректерге сәйкес 21 ханның, 8 сұлтанның, 23 бидің, 59 батырдың сүйектері жерленген. Жәнібек, Жәңгір, Есім, Тәуке, Абылай, Әбілхайыр хандардың, сондай-ақ, қазақ тарихындағы атақты Қаз дауысты Қазыбек би, Шоң би, Торайғыр би, Бөгенбей батыр сияқты басқа да тұлғалардың бейіттері орналасқан.
Түркістанда сонымен қатар діни білім мен ортағасырлық ғылым орталықтарының бірі болды. Қалада Абд әл-Ғафур Түркістани жазып кеткен бір топ мектеп пен медресе жұмыс жасады.
XVІ ғасырдың соңында Түркістан Ахмет Ясауидің әсем де зәулім үлкен кесенесінің арқасында Орта Азияның рухани орталығына айналады.
Ал, 1598-1628 жылдары Есім хан Яссыны Түркістан деп атап, оны Қазақ хандығының орталығы етеді. Қазақ хандары XVІІІ ғасырдың соңына дейін билік құрды.
Ия, Түркістан қаласының тарихын айта берсек таусылмайтын әңгіме.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter