Шығармалар ✍️
Түркістаным алғашқы махаббатым
Түркістаным алғашқы махаббатым, ия шыныменде Түркістан менің туылған мекенім, ең алғаш ауасымен тыныстап, жан-жағыма таңырқай қараған жерім. Самал желімен тербеліп, ен даласында ойнақтаған далам, тәй-тәй басып, жүрекпен әрбір жерін сезіне білген қалам. Түркістаным туғаннан бері жанымды тербелеген ақ таңым, Түркістаным шырқап айтар, жырымды жазар мақтаным. Түркістан десе сонау Яссауидің мекені Түркістанның киелі жері Қожа Ахмет Яссауи кесенесі есімізге түсері анық. Бұл кесененің талай ғасырлық тарихы бар. Қожа Ахмет Яссауидің кесенесіне көптеген қонақтар, тіпті шет елдерден келетін туристер бар.
Басқа қалалардан келетін қонақтар Түркістандағы Яссауидің кесенесіне бармай қайтпайды. Қазіргі таңда облыс болып жанданып, жаңарып жатқан жағдайы бар. Яссауидің кесенесінің қасында этно ауылы бой көтеріп, сол жерге әрбір қаланың, әрбір ауданның мәдениет саңлақтары өщдерінің өнерлерімен, көрмелерімен, әнімен жырымен келеді. «Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан — Ер Түріктің бесігі ғой, тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой» — деп, Мағжан Жұмабаев атамыз айтқанындай, расыменде Түркістандай жерде туған біз бақыттымыз!
Түркістаным ән жырымның мекені, Түркістаным жанымды бай етеді. Сендей жерде туғаныма мақтанам, пешенемде бақытым деп беселі.... Түркістаным көне қалам. Қазіргі таңда күн өткен сайын жаңарып, көркейіп келеді. Түркістаныммен мақтанамын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter