Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.09.2024
263
Түркістаным шығатын асқақ атың
Түркістаным шығатын асқақ атың,
Махаббатым өзіңнен басталатын.
Рухани сен киелі мекенімсің,
Арсыздардан аулақ боп, жасқанатын!
Түркістаным жанымның бөлшегісің,
Жақсылықтың өлшенбес өлшемісің.
Ер түріктің бесігі Түркістаным,
Жақсы көрер шынайы ел сені шын!
Түркістаным бақытым, шаттығымсың,
Көңілімді тербейтін шат күнімсің!
Тамыр жайған тереңнен нәр алатын,
Хош иісті баурайтын бақ гүлімсің!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter