Өлеңдер ✍️

  24.09.2024
  220


Автор: Түркістан қаласы

Түркістаным

Түркістаным алғашқы махаббатым,
Махаббатын жаныма ұялатқан.
Бар жақсыны жаныма медеу етіп,
Жамандығын алыс қып, қиялатқан!

Түркістаным алғашқы махаббатым,
Бабалардың үнімен дем беретін.
Сыйластық пен ынтымақ бесігінде,
Шынайылық әлдилеп тербелетін!

Түркістаным алғашқы махаббатым,
Бар әлемді баурайтын, таң қылатын.
Жаңа қала салынып, ғимараттар,
Әр күн сайын жарқырап, жаңғыратын!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу