Өлеңдер ✍️

  24.09.2024
  26


Автор: Түркістан қаласы

Түркістаным ән қалам

Түркістаным ән қалам,
Сен ойласам жанданам.
Әуелетіп мен іштей,
Шабыттанып ән салам!

Түркістаным ән қалам,
Ғажайыпсың, таң қалам.
Саған деймін жетпейді,
Дүниеде бар қалаң!

Түркістаным ән қалам,
Ақындар жыр арнаған.
Жүрегімсің сен менің,
Тағдыр жазып, таңдаған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу