Эсселер ✍️
Күміс тойға жетейік!
Күміс той ерлі-зайыптылар жаңадан үйленген сәттен бастап арада жиырма бес жыл өткен соң тойланатын отбасылық мереке. Қазіргі таңда ажырасулар көп болып, күміс тойдың ауылы алыстап жатқаны жанымызға бататыны анық. Өмірдің ағы мен қарасына төзіп, ащысы мен тұщысын ерлі-зайыптылар бірге көрсе, қиындықтарына бірге төзе білсе міне, сонда ғана күміс тойдың куәсі болар едік. Ерлі зайыптылардың отау құрғандарына жиырма бес жыл болғанда, отбасының құрылғанына жиырма бес жылдық, яғни күміс тойлары болмақ. Күміс тойда ерлі-зайыптылардың қарым-қатынастары жаңадан бір белеске жоғарылап, күмістей жарқырайтын кезеңдеріне табан тірейді.
Күміс тойдың тағы бір ерекшеліктері, тойды өткізетін мекемені безендірудің барлығы да күмістен жасалып, тойға келген қонақтар күміс той екенін бірден білетін болған. Араға жиырма бес жыл салып тойланатын күміс тойда жиырма бес саны ерекше қадірлі болмақ. Жиырма бес саны жайлы түрлі ойындар ойластырылып, ерлі-зайыптылар арасындағы, бірге бастаған үйлену жолдары жайлы, қай жылы отау құрғандары жайында, тіпті қай күні үйлену тойларының болғаны туралы сұрақтар қойылып, сұраққа дұрыс жауае берген жандарға сыйлықтар беріліп, қошемет көрсетіп отырған.
Күміс тойды бірі елесе, бірі елемес. Бірақ бұл күміс тойдың ерлі-зайыптылар арасында үлкен қуаныш сыйлайтыны анық, атаулы күн болып, отбасының ішінде кішігірім атап өтулері де ғажап емес. Тіпті ерлі-зайыптылар бір-бірін күміс тойларымен құттықтап, бір-біріне сыйлықтарын ұсынулары мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, күміс той тойлану үшін бастысы ерлі-зайыптылар арасында махаббат пен сыйластықтары, бір-біріне деген құрметтері болуы керек!
Ия, өмір жолына қол ұстасып, бірге қос аққудай өмір сүруді қалаған әрбір ерлі-зайыптылар осындай күміс тойларына жетіп, алтын тойдың да шыңын бағындыра берсін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter