Шығармалар ✍️

Күміс той
Күміс той әр отбасында әр түрлі, өздерінің қалауларымен өткізетін отбасылық мереке. Күміс той екі жас үйленіп, отау құрғаннан кейін арада жиырма бес жыл өткен соң тойланатын ерлі-зайыптылар арасында тойланатын мерейтой күміс тойы. Ширек ғасырға дейін ерлі-зайыптылардың сүйіспеншілігін сақтауы ерлік іс. Кейбір адамдар өмірдің түрлі сындарына шыдамай, тағы да басқа қиындықтарға төзе алмай, не болмаса бір-біріне деген ортақ тіл табысудың болмауы ерлі-зайыптылардың ажырасуына әкеп соғады. Ал осындай сындаға төзіп, барлық қиындықтарға бірге қарсы тұрған ерлі-зайыптылар ширек ғасырда бір келетін, яғни отбасы құрғандырына жиырма бес жыл болуын тойлау үшін (күміс той) бастапқы отау құрған мекемесіне келеді, не болмаса жанына жақын жандардың ортасында мерекелік кеш өткізеді.
Күміс тойға жеткен адамдар да бар, жетпегендер де бар. Ерлі- зайыптылардың біреуі аяқ асты өмірден өтсе де не болмаса басқа да жағдайлар болатын болса күміс тойдың тойлануы мүмкін болмай қалады. Жоғарыда айтқанымдай, күміс той жүректері бір-біріне байланып, бірге соққан ғашық жандар үйленіп бас қосқан соң араға жиырма бес жыл салып ерлі зайыптылар арасында тойланатын ортақ мереке.
Күміс тойды жанымызға жақын жандар арасында атап өту адамға бір бақыт сыйлайтыны анық. Айналамыздағы ата-анамыз бен туған туыстардың ішінде осындай күміс тойды тойлап, бір отбасы болып амандықтп, саулықта алтын тойға жеткен жақындарымыз көп болсын деп тілейік!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇