Өлеңдер ✍️

  20.09.2024
  377


Автор: Тұрдыхан Айдарханұлы

Жаз монологы

ЖАЗ МОНОЛОГЫ



  •  

Жәзирасы жайқалған жаз едім мен,


Күз де келді,


Күй кетті мәз өмірден.


Жанын қиды ең соңғы жапырағым,


Уақыт деген айқасып әзәзілмен.


Ақ қайыңнан кеткенде бүр төгіліп,


Алаңдайды амалсыз үркер-үміт.


Берерімді бергесін мезгілдерге,


Жасыл тауды жабағы бүркеді бұлт.


Күз кетеді, қыс өтер. . .


Қайта көктем,


Құстар келіп наздарын айтады еппен.


Жапырағым жаңарып тұрамын мен,


Ғұмыр тілеп тағы да мына күнне


 


 


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу