20.09.2024
51
Күміс тойды тойлайық, алтын тойды!
Күміс тойың есік ашты, Әкем-анам! Сәттеріңіз көп болсын жарқыраған! Күміс тойды жалғасын алтын тойың, менің Әкем, Анашым алтын адам. Жаратқаным сіздерге жар болсыншы, сәтті атар қуантар таң болсыншы. Немерелер ортасында күліп-ойнап, жүретұғын күндер көп, бар болсыншы! Қос бәйтерек, қос қанатым сіздерсіздер, сіздерменен бірге айтар ән болсыншы! Күміс той ол жиырма бес жылдық отау, алда тағы... елу жылдық алтын той бар болсыншы! Әкешім мен анашым қасымызда, әрқашанда ай, күндей бар болсыншы!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter