20.09.2024
  51


Автор: Күміс той

Құттықтаймын Әкешім мен Анашым!

Құттықтаймын Әкешім мен Анашым,
Есік ашты бүгін күміс тойыңыз!.
Шаңырағың тола берсін шаттыққа,
Күміс тойды жалғап алтын тойыңыз!.

Жаны жайсаң Әкешім мен Анашым,
Жұптарыңыз жазылмасын әрдайым.
Ортамызда жүрші аман, ден сау боп,
Қуаныш көп, көңіліңде жоқ уайым!

Қос бәйтерек, қос қанатым сіздерсіз,
Сіздер барда жарқырайды ай, күнім.
Қиындықтар болмасыншы, қуаншы,
Әкем-анам баға жетпес байлығым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу