Шығармалар ✍️
![](/uploads/shorttexts/author_image/2024-08-26-01-33-57.png)
Алтын той қос жүректің бір соғуы
Адам баласының өмірі тыныш, махаббатқа толы болса, көңілдері жайланып, әрбір күндерін уайым-қайғысыз өткізер болса, жаны тыныш адамның денсаулығы да жақсы, зор болады емес пе, алаңсыз өмір сүру, тыныш ұйқы адамдардың өмірін ұзартады, солай емес пе?!
Махаббатпен, бір-бірлерін қатты жақсы көріп, бір-біріне деген сүйіспеншіліктерін жүректеріне сақтап, бір-біріне деген сыйластықтарын күннен күнге арттырып жататын ерлі-зайыптылардың алтын тойға жүректері бірге соғуы арқылы жетулері бір ғажап дүние. Осы ғажап дүниеге жетіп, қол ұстасқан шаңырақ көтергендеріне 50 жыл болған ерлі-зайыптылардың арасында алтын той тойланып жатады. Бұл алтын той Алланың қалауымен орындалады. Өйткені, қазіргі таңда неше түрлі жайлар орын алып жатқан заман ғой, сондықтан тек жақсы нәрсені ойлап, Жаратқан иеміз Алтын тойды тойлауды нәсіп етсін деп тілеуіміз керек.
Алтын той некеге тұрып, шаңырақ көтерген жылдан бастап арадан 50 жыл өткендегі бір шаңырақ астында бірге тұрып жатқан махаббаттары баянды болып, бір жастықты 50 жыл бірге жастап жатқан ерлі-зайыптылардың ортақ мерекесі болып табылады. Бұл ортақ мерекеге жеткендер де бар, жетпегендер де бар. Сондықтан 50 жылдық алтын тойды тойлап жатқан ерлі-зайыптылар қатарынан ете гөр деп, жаратқан иемізден тілей жүрейік. Лайым тілектеріңіз қабыл болғай!...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter