19.09.2024
  48


Автор: Алтын той

Алтын тойдың ғажабы

Бастарын ақ шаш торлап, беттерін әжім басып, бірақ арада 50 жыл өтсе де бір-біріне деген ыстық сезімдері басылмаған, махаббаттары 50 жыл бойы бір шаңырақ астында жалғасын тауып келе жатқан менің атам мен әжем. Олардың махаббаттары күн өткен сайын артып, бір-біріне деген құрметі артып, сыйластықтары күн өткен сайын тереңдеп алтын тойларын балалары мен немерелері тойлап, бар әлемге паш етуі әрбір адамға бұйырмаған дүние. Тағдыр жазса, пешенелеріне солай жазылған болса алтын тойға жетіп, Алланың қалауымен болып жатса бұл дегеніміз үлкен бақыт деп білемін. Алтын тойларын тойлап, самайларындағы ақ шаштың әрбірі осы алтын тойдың белгісіндей үн қатып жатса бұл дегеніміз ең үлкен бақыт дер ем.
Осындай бақытқа жеткендер де бар, жетпегендер де бар. Ерлі-зайыптылар болғандықтан отбасында түсінбестік пен ұрыстар болып тұратыныны анық. Сол қиындықтарға бірге төзіп, өмірдің ақ,қарасын бірге татып жүрген ерлі зайыптылардың осындай алтын тойға жететіні анық. Жарты ғасыр бойы бір шаңырақ астында өмір сүріп, бір-біріне деген сыйластықтары мен қолдауларын көрсетіп жүрген аталарымыз бен әжелеріміздің алтын тойлары расында да өскелең ұрпақтарға үлгі-өнеге дер едім.
Алтын той екі жаққа да, яғни асқар тау әкелеріміз бен аналарымыздың араға 50 жыл салып бірге 50 жылдық мерекені арқа-жарқа қылып тойлап жатқандары. Алтын тойға жету үшін өзінің мінезін қалыпқа түсіріп, бар жағынан ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген ыстық ықыластары керек деген ойдамын. Міне, осы болар алтын тойдың ғажабы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу