Эсселер ✍️

  19.09.2024
  168


Автор: Алтын той

Алтын той

Алтын той — бұл сонау жас кезінен бастап жаңадан отау құрып, жаңа өмірге қадам басып, отбасы болған ерлі зайыптылардың бір шаңырақ астында өмірдің ыстығы мен суығына бірге төзіп, өмірдің ақ пен қарасын бірге татып, бала-шағаларының ортасында араға 50 жыл салып тойланатын атаулы отбасылық мереке. Бұл мерекеде алтын тойларын тойлап жатқан ерлі-зайыптылардың ұл-қызы мен немерелері, сонымен қатар ет жақындары арасында тойланатын той болып табылады. Кейбіреулері алтын тойларын ұлан асыр той қылып жасап, тойға бүкіл араласып жүрген жандарды шақырып, 50 жылдық алтын тойларын жақсы өткізеді. Бұл алтын тойға жеткендер де бар, жетпегендер де бар. Біреулері өмірдің түрлі сындарына төзе алмай ажырасып ажырасып жатса, енді біреулердің өмірлік жұптары өмірден өтіп, солай алтын тойларына жете алмай жатады. Алтын тойдың ең басты ерекшелігі сол бір-бірін жақсы көрген ерлі-зайыптылар арасындағы махаббаттары мен сыйластықтары жоғалмай, осы 50 жылдық бір шаңырақ астында тұруларына жол салады. Расында да алтын тойдың ерекшелігі зор, алтын тойларын тойлап жатқан ерлі-зайыптылар шынында да өте бақытты жандар.
Алтын тойға жетіп, алтын тойларын өткізіп жатқан жанымызға жақын жандардың жолдарын өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтарға берсін! Отбасы қадірін сезініп, жанұя жылуын жүрекпен біліп, алтын тойды бастарынан өткеретін ерлі-зайыпты ата-әжелеріміз көп болғай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу