15.09.2024
20
Құттықтаймын Қызылорда күніңмен!
Құттықтаймын Қызылорда күніңмен,
Бар жақсылық шыға берсін үніңнен!
Жасай берші Ақмешітім бұрынғы,
Қуаныш пен шаттық кетпей жүзіңнен!
Құттықтаймын Қызылорда күніңмен,
Қуанамын өзің үшін бүгін мен.
Қызылордам киелімсің сен менің,
Көз тартатын әдемі көп сырыңмен!
Құттықтаймын, Қызылорда күніңмен,
Тілек айтам өлеңіммен, жырыммен.
Жаңашылдық бастап алға қаланы,
Қуанта бер жап-жаңаша қырыңмен!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter