15.09.2024
  10


Автор: Қызылорда қаласы

Құтты болсын Қызылорда күні бұл!

Құтты болсын Қызылорда күні бұл,
Қызылордалық ағайындар, достарым!
Қала күні бар жақсысын сяйласын,
Аман болып мал мен жаның, бастарың!

Ашық аспан тілейтінім сіздерге,
Қызылорда жарқырасын, жайнасын.
Әр істері тұрғындардың оңды боп,
Гүл бағында бұлбұлдары сайрасын!

Жасай берсін Қызылорда аймағы,
Әрбір істе орындалып байламы.
Жаратқаным жар болсыншы баршаға,
Орындалып дұға қып қол жайғаны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу