Эсселер ✍️

  15.09.2024
  27


Автор: Қызылорда қаласы

Қызылордам болған бұрын Астана

Қызылорда қаласы бұрын еліміздің астанасы болған қала. Еліміздің басқа қалаларына қарағанда тарихы тереңге жайылған Қызылорда қаласы бүгіндері өзінің ерекше даму сьилімен көзге түсіп келеді. Қызылорда ақ күріштің мекені. Сырдария өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан қаланың ішкі келбеті әдемі көрінеді. Қалада оқу, білім жағы қарқынды өсуде. Университеттеріне басқа қаладан студенттер келіп білім нәрімен сусындауда. Сонымен қатар Қызылорда қаласында өнеркәсіптер жағы да жақсы дамып келеді.
Қызылорданың өткеніне көз салатын болсақ, 1817 жылы Ақмешіт қаласы ақ кірпіштермен салынып, мешіт ақ кірпіштермен салынып, оған «Ақмешіт қаласы» деген атау беріледі де, Ақмешіт қаласы қоқан хандығының орталығына айналады. Ал, 1853 жылы 28 шілдеде Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский Сыр қазақтарын қорғауды сылтауратып, орыс әскерлерімен қамалға басып кіріп, қоқандықтарды қаладан қуып шығады. Содан
Қала Перовск аталып, 1867 жылы ол Сырдария уезінің орталығына айналады. 1922-1925 жылдары қала қайтадан Ақмешіт атанып, 1925-1929 жылдары Қазақстанның астанасына айналды. 1925 жылы қалаға Қызылорда аты беріліп, осы күнге дейін Қызылорда атауы сақталып келеді. Қызылорда қаласы еліміздің ең маңызды қалаларының бірі болып табылады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу