Эсселер ✍️

  15.09.2024
  73


Автор: Қызылорда қаласы

Сүйікті қалам — Қызылордам

Менің сүйікті қалам — Қызылорда қаласы. Құрылғанына 200 жылдан аса уақыт болған бұл Қызылорда қаласы еліміздің барлық қаласының анасындай көрінеді. Сырдария өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан қаламыз Сырдың сұлу қызындай әлі күнге дейін жанданып, көркейіп келеді.
Мен осы Қызылорда қаласында туылып, осы қаланың әдемі ауасынан нәр алып өскенмін. Қызылорда қаласы менің бақытты балалық шағымның куәсіндей. Балдай тәтті балалық шағым осы қалада өтті. Қазір жұмыс бабымен басқа қалада жүрсем де, Қызылорда қаласын, яғни туған қаламды сағынамын, іздеп тұрамын. Еліміздің барлық қаласын жақсы көрем, бірақ Қызылорда қаласы өзімнің туған қалам болғандықтан оны қатты жақсы көрем. Кім өзінің туған жерін жақсы көрмесін?! Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық солай емес пе?!
Мен үшін Қызылорда қаласынан асқан қала жоқ. Қызылорда сені жақсы көрем! Сен менің бақытымның мекенісің! Қай жақта жүрсем де сені ойлап жүремін, сен менің жүрегімдесің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу