15.09.2024
  24


Автор: Қызылорда қаласы

Қызылорда менің қалам

Атын алашқа ана етіп қалыптастырған, қыз баласында үн қатып тұратындай, 200 жылдық, яғни 2 ғасырдан аса уақыт тарихы бар Қызылорда қаласының іргетасы 1818 жылы Ақмешіт атауымен қаланған болатын. Ақмешіт қаласы атауынан кейін бір рет орыс атауымен «Перовск» атымен аталып, кейіннен қайта Ақмешіт атына ие болады.
Қазіргі таңда өсіп, өніп экономикасы қарқынды дамып келе жатқан Қызылорда қаласының өндірісі өркендеп жылдан жылға жанданып, өрісі кеңеюде.
Сырдария өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан Қызылорда қаласының бүгінгі тыныс тіршілігі басқа қалалардай жанданып, жарқырап келеді.
Сырдария өзенінің үнімен тербетіліп, Аралдай теңізі бар, барханды шөлі бар, топырағы құнарлы, ырысты, ақ алтыны бар күрішті қала.
Қамысқала деген жерден Ақмешіт қаласы бой көтерген болса, бұл қазіргі Қызылорда қалсының пайда болуы еді.
«Қызылордакүрішмаш» – машина жасау кәсіпорны. Аты да ерекше машина жасау кәсіпорны 1981 ж. ауыл шаруашылық машиналарын жасауға бағытталған зауыт ретінде пайдалануға берілген екен.
Сонымен қатар үлкен ғимараттар бой көтерген білім ордалары Қызылорда қаласының әлі дамып келе жатқандығын байқаймыз.
Көне қала атауымен біраз оқиғаларды басынан өткерген Қызылорда қаласы расыменде қаншама жыл, қанша ғасыр, қаншама түндерді қиындықтармен өткерсе де бойын тіктеп, алға қадам баса білді...
Қызылорда менің қалам, менің туған жерім, менің сүйікті қалам, мен сүйікті қаламмен мақтанамын...!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу