15.09.2024
  16


Автор: Қызылорда қаласы

Қызылорда менің туған қалам

Мен Қызылорда қаласында туылдым. Қызылорда қаласы менің туған қалам, сүйікті қалам! Қызылордада туылғанымды мақтан етемін. Қаланың көрікті де әдемі жерлері өте көп. Менің қалам әсем қала. Бұрынғы астанамыз болған бізбің көне қаламыз. Бұрынғы атауы Ақмешіт қаласы. Ақмешіт қаласынан орысша атауға ауыстырғанымен кейіннен қайта бұрынғы өз атауы Ақмешіт атын иеленген Қызылорда қаласы қазіргі таңда 2 ғасырдан аса уақыт тарихы бар қала. Қызылорда атауына ие болғаннан бері де 1 ғасырдан аса уақыт өткен менің туған қалам қазіргі таңда өткен күндері аңызға толы, тарихы дастан болып, әр жыл сайын өзіндік даму жолымен алға бастап келе жатыр.
Қызылорда мен үшін ерекше ыстық қала, қысы суық болса да тоңдырмайтын, жазы ыстық болса да күйдірмейтін қала. Қаланың өткен әрбір күні, әр уақыты ертеңгі күнге алтын әріппен жазылатын тарих, дастан. Еліміздің көп ұлтты мемлекет екеніне бәріміз де куәміз. Сол өзге ұлт өкілдері біздің қаламызда да тұрады. Кейбір өзге ұлт өкілдерінің қаламызда көптеп мекендейтінін білеміз. Тіпті олардың мемлекеттік тіл — қазақ тілінде бір-біріне үн қатып, қазақ тілінде өзара сөйлесіп жатқандарын да байқаймыз. Бұл әрине жанымызға қуаныш ұялатыны сөзсіз.
Мемлекеттік тіл —қазақ тілінде сөйлесу әрбір Қазақстандықтың парызы деп білемін. Ал менің сүйікті қалам Қызылорданың қазақ тілінің дамуына өз үлестерін қосып жатқандары жанымызды жадыратады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу