Эсселер ✍️

  15.09.2024
  37


Автор: Қызылорда қаласы

Қызылорда қаласы

Қызылорда қаласы — Қазақстанның оңтүстік бөлігінде орналасқан қала. Ол еліміздің бұрынғы астанасы. Қызылорда қаласының тарихына үңілер болсақ, қала Қамысқала атты елді мекенде 1817 жылы салынған.1817 жылға баса назар аударып қаласаңыздар, Қызылорда қаласының бой көтергеніне 2 ғасырдан асқан уақыт болыпты. Екі ғасыр дейміз, 2 ғасыр ішінде қаншама адам өмірге келіп, қаншама адам өмірден кетті десеңізші. Бірақ Қызылорда қаласы қаншама уақытты бастан өткерсе де бойын тіктеп, әлі күнге дейін өзінің маңыздылығын жоғалтқан емес. Сырдария өзенінің оң жақ жағалауында орналасқан Қызылорда қаласы 2 ғасырдан аса жасап келе жатқан тарихи қала. 8 әкімшілік-аумақтық бөліктерден тұрады, олар: Қызылорда қаласы, Тасбөгет, Белкөл кенттері, Қосшыңырау, Қызылжарма, Қызылөзек, Ақсуат, Ақжарма ауылдары.
Қызылорда қаласының аты бірнеше рет өзгеріске ұшырағанмен түпкілікті маңыздылығын жоғалтпаған. Ендеше, Қызылорда қаласына берілген аттарға назар аударсақ: Ақмешіт қаласы – 1818 жылы, Перовск қаласы – 1853 жылы, қайтадан бұрынғы атауына ауысқан Ақмешіт қаласы – 1922 жылы, ал 1925 жылдан бастап Қызылорда қаласы болып аталуда. Қызылорда қаласы болып аталғанының өзіне де 1ғасыр уақыт боп қалыпты. Бұл дегеніміз, Қызылорда қаласының тарихының тереңде екенін айқын көрсетіп отырғандай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу