14.09.2024
  260


Автор: Жібек Ысқақова

Құтты болсын туған күнің, Анашым!

Жан Анашым жайдарлы жүзі жылы,
Бізді ойлаумен өтетін әрбір күні.
Көштен қалып қоймады, алға жүрді,
Арайымен тербелеп таңның нұры.

Жүрегі бар: махаббаттан жаралған,
Тілегі бар: орындалсын бар арман.
Күлкісінде шаттығы бар беретін,
Жан Анашым артық барлық адамнан.

Байлығым сен бақытым «ұлым» дейсіз.
Баға жетпес жақұтым «қызым» дейсіз.
Сәбилердей риясыз пәк қалпыңда,
Немерелер алдында күлімдейсіз.

Біздер үшін ақыл берер данасың,
Біздер үшін ең мейрімді анасың.
Кіріп келді жеке меншік мерекең,
Құтты болсын туған күнің анашым!

Қуандырсын жылу беріп арай күн,
Өзіңізден шуақ болып тараймын.
Тірегім сіз, жүрегім сіз — Анашым,
Аман жүрші, саулығыңды қалаймын!

Атар таңым, батар күнім сіз деймін,
Өтсін мейлі қанша көктем, күз мейлің.
Жан Анашым жадырасын жаныңыз,
Есік ашып жасың тоқсан, жүздейін...

Жана берсін жан Анашым бағыңыз.
Мерекеңді тойлайық көп, тағы біз.
Ақ пейілді жаны сұлу Анашым,
Қуантады жанымызда барыңыз.
13.09.2024 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу