Эсселер ✍️
Жаңаөзенді білесіз бе?!
Жаңаөзен — Маңғыстау облысына қарасты орналасқан дербес жеке қала болып табылады. Жаңаөзен қаласы ең алғаш 1960 жылдары өзен бойына зерттеу жұмыстарын жүргізуге келген геолог мамандарының қоныстануынан құрыла бастаған. 1964 жылы қала толықтай құрылып, 1968 жылы Жаңаөзен қаласына «қала» статусы берілді. Бұл қаланы кейде Мұнайшылар қаласы деп те атайды. Жалпы айтқанда Жаңаөзен қаласында мәдениет пен әдебиет жақсы дамып, белгілі тұлғалардың мекені болып табылады. Спорт жағынан да құр алақан емес Жаңаөзен қаласының көз тартатын көрікті жерлері бар.
Жаңаөзен халқы несімен ерекшеленеді десеңіз, олардың бір-біріне қолдау танытып, біреуі бір бастама жасап жатса бір ауыздан келісіп ортаға шығуы болып табылады. Оған дәлел ретінде мына мысалды айтар болсам.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында жергілікті мұнайшылар, полицейлер, кәсіпкерлер, спортшылар, қаланың ақсақалдары мен қоғам қайраткерлері - барлығы Президент бастаған "Таза Қазақстан" акциясы аясында туған қаласына деген сүйіспеншілігін көрсетті. Қаланың әрбір жерін тазалауда үлкен ауызбіршілік көрсете білді. Расыменде, «көп түкірсе көл» дегендей көпшілік болып Жаңаөзен қаласының жандануына халық болып, бір қауым ел болып ат салысуда. Мұның өзі ынтымақ, бірлікпен келетін дүние, солай емес пе?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter