12.09.2024
  81


Автор: Жаңаөзен қаласы

Жаңаөзен менің сүйікті қалам

Жаңаөзен қаласы менің туып-өскен мекенім. Жаңаөзенде туылып, тәй-тәйләп өсіп, жетілдім. Алғаш рет ана тілімде үн қатып, сөйлей бастадым. Жаңаөзендей жайлы мекенде ауасымен тыныстап, даласында балалық шағымды өткіздім. Бұл менің сүйікті қалам. Неге десеңіз, туған жерім, жастығымның мекені. Осы қалада білім алып, түлеп ұштым, осы қаланың тумасы болғанымды мақтан етемін. Жаңаөзен қаласы мен үшін барлық қаладан да, тіпті шет елдегі Лондон, Парижден де сұлу қала. Менің сүйікті қалам. Жаңаөзеннен сәл алыстап шықсам сүйікті қаламды сағынамын, іздеймін. Қаламның әрбір жері мен үшін алтындай, жарқырап тұрады. Сенде туып, сенде өскен Жаңаөзенім, мен бақыттымын! Жаңаөзендей қала бар ма, мен үшін басқа қаладан мың есе көрікті, мың есе сұлусың. Сені жақсы көремін — Жаңаөзенім! Саған деген махаббатым бітпейді, сөнбейді. Сенің ауаң мен үшін жанға азық, жанымды нұрландырады. Сені қалай жақсы көретінімді тілмен айтып жеткізу мүмкін емес! Сүйікті қалам — Жаңаөзенім! Жарқыра, жайна! Көңілің мұздамасын, жүрегің сыздамасын! Жаңаөзенім тек қана алға! Менің балалығымның мекені, менің жастығымның куәсі! Менің ең сүйікті қалам бір өзің! Жаңалыққа толы жаңа қырларың көбейе берсін! Сен өссең мен де іштей өсемін, өсе, бер! Өне бер жарқырап сен — Жаңаөзенім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу