12.09.2024
  45


Автор: Жаңаөзен қаласы

Жаңаөзенім сен менің

Жақсылыққа бастаған, Жаңаөзенім сен менің. Сенде тудым, сенде өстім, өстім, өндім, сөнбедім. Жаңаөзенім жасай бер, туған жерім сенің менің! Ияя, Жаңаөзендей аты да, заты да ерекше қала жоқ шығар. Бұл менің сүйікті қалам. Мұнайшылар қаласы. Ия, Мұнайшылар қаласы десе бірден Жаңаөзен қаласы есіңізге түседі. Солай емес пе?! Өйткені, менің қаламда ең алғаш рет мұнай-газдың мекемесі ашылған. Қалама ең алғашқы болып қоныс аударған геолог жұмысшылардың арқасында, солардың ерен еңбектерінің барысында Жаңаөзен қаламда мұнай газдың көзі ашылып, қалада өнеркәсіптер салынып, қаланың іргетасы 1964 жылы қаланып, 1968 жылы қала мәртебесі беріледі. Жаңаөзен — Маңғыстау облысындағы дербес қала, Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласы болса, Жаңаөзен қаласы өз алдына дербес қала, айналасында қалаға қарайтын елдімекендер бар. Қалаға ерекше сән беретін қызықты жерлері де баршылық олар: Бала мен дельфин скульптурасымен әшекейленген фонтан, «Қашаған» ескерткіші, "Дулыға" алаңы."Мұнайшыларға арналған ескерткіш" мұның бәрі қаланың көрікті жерлері болса, қалада қалалық мұражай, "Мұнайшы" мәдениет үйі, "Жалын" кинотеатры, "Өнер" МКҚК, кітапханалар бар. Білімі мен біліктілігін арттыруға барлық жағдайы жасалған десек те болады. Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласынан қанаттанып жатқан белгілі тұлғалар да бар. Әрқайсысының өзіндік орындары ерекше.
Міне, бұл менің қалам, менің далам. Жаңаөзенім туған жерім, қанаттанып ұшқан жерім. Жарқыраған, арқыраған осы менің Жаңаөзенім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу