Эсселер ✍️

  12.09.2024
  15


Автор: Жаңаөзен қаласы

Жаңаөзен ғажайыптары

Жаңаөзен қаласының мәдениеті жыл өткен сайын дамып келе жатқан қала. Оның дәлелі қалада қалалық мұражай, "Мұнайшы" мәдениет үйі, "Жалын" кинотеатры, "Өнер" МКҚК, кітапханалар бар. Қалаға іргелес Қызылсай мен Теңге ауылдарында "Шаңырақ" және "Атамұра" мәдениет үйлері бой көтерген. Әдебиеті мен мәдениеті қатар дамып келе жатқан Жаңаөзен қаласында сонымен қатар көрсең көзің тоймайтын, қараудан жалықпайтын әдемі жерлері бар. Олар: Бала мен дельфин скульптурасымен әшекейленген фонтан, Тәуелсіздік алаңы, Қашаған ескерткіші, "Дулыға" алаңы, Мұнайшылар аллеясы, 1989 жылға арналған ескерткіш, Мұнайшыларға арналған ескерткіш. Осындай көрінісі жағынан баурап алатын Жаңаөзен қаласының болашағы бар қала десек қате айтпағанымыз болар. Өйткені, өзіндік "Мұнайшы" футзал клубы бар футзалдан ҚР әуесқойлар чемпионатында өнер көрсетуде... Спорт денсаулық кепілі емес пе, спорт жағынан да белсенділік көрсетіп, қаланың мәртебесін көтеруде. Спорт үйлері мен стадиондар бой көтерген қаланың елімізде алатын орны зор деп білемін.
Тағы бір айта кететін жайт, Жаңаөзен қаласының халқы өте намысқой, ұлтшыл болып келеді. Бойында ата-бабаларды қаны дарыған, өз жерлері, өз құқықтарының тапталмауы үшін бұрмалаушылыққа қарсы тұрады. Оған дәлел Жаңаөзен оқиғасы. Өздеріне деген сенімділікпен ар намыстары, абыройлары үшін билікке үн қата білетін батыл жүрек мықты жандар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу