Шығармалар ✍️
Жаңаөзен тарихы
Сонау алпысыншы жылдары бой көтере бастаған Жаңаөзен қаласының пайда болуы Өзен кенорнына барлаушы-геологтардың қоныстанып, өздерінің зерттеу-барлау жұмыстарын жоспарлы түрде бастағаны себеп болған. Сол шақтағы тарих беттеріне үңілер болсақ, Қызылсайда алғашқы мекен-жайлар пайда болып, жан-жақтан халық жинала бастайды. Алғашында жаңа қоныстанушылар секілді жертөлелер мен вагондар орналастырылып, соңынан сол маңдағы жерқабақтардағы жұмыс тастарды тұрғын үй тұрғызуға пайдалана бастайды. Осылайша, барлаушы-геологтар мекені Өзен поселкесі пайда бола бастайды. Геологтардың еңбектері зая кетпей, аталған жыл, яғни осы апысыншы жылдары Өзен кенорнынан газ бен мұнайдың көзі ашылды. Ал 1964 жылы қазіргі мұнайшылар қаласының іргесі қаланып, қалаға ұқсас «жұмысшы поселкесі» пайда болды.
Осылайша, көптеген жұмыс орындары ашылып, түрлі ғимараттар бой көтере бастайды. Қалаға алғашқы қоныстанған геолог жұмысшылар мен сол жерге біртіндеп жинала бастаған халықтың зор еңбектерінің арқасында бүгінгі Жаңаөзен қаласы құрылып, өз діттеген мақсаттарына жете бастады.
1968 жылы 21 қазанда Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының қаулысымен Гурьев (қазіргі Атырау) облысы құрамында Өзен ауданы құрылып Жаңаөзен поселкесі қала статусын алады. Міне, Жаңаөзен қаласының құрылған тарихы қысқаша айтқанда осылай.
Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласы еліміздегі белгілі тұрғындары еңбекқор, батыр жүзді, адалдықты жандары сүйетін қалалардың бірі.
( жоғарыда жазылып отырған деректер ғаламтордан алынды)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter