Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.09.2024
151
Жаңаөзендей қаламда
Туғаныма қуанам,
Жаңаөзендей қаламда..
Мен өзіңмен бақ табам,
Жүзім жайнап, әманда.
Сенің ауаң тым ыстық,
Маған жылу беретін.
Жандар көп деп білемін,
Сені жақсы көретін.
Ием саған басымды,
Туған жерім, сүйіктім.
Жаңаөзенім өзіңді,
Мәңгі құлай сүйіппін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter