Өлеңдер ✍️

  12.09.2024
  150


Автор: Жаңаөзен қаласы

Мен өзіңмен мақтанам

Туған жерім — Жаңаөзен,
Мен өзіңмен мақтанам.
Жақсы сөзді естісем,
Өзің жайлы, шаттанам.

Жүрегімнің үнісің,
Сенен жырақ кетсем де.
Қалам өзің сүйікті,
Барлық ойым тек сенде.

Көз алдыма келеді,
Сенің бейнең күлімдеп.
Туған жерім — Жаңаөзен,
Бір өзіңде сырым тек.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу