Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.09.2024
51
Жаңаөзенім сен менің
Жаңаөзенім сен менің,
Дем беретін жаныма.
Қуанамын шаттана,
Жаңаөзен барыңа.
Жаңаөзенім сен менің,
Жүрегімде әнімсің.
Бір өзіңе баурайтын,
Еркелетер жанымсың.
Жаңаөзенім сен менің,
Батыл жүрек қаламсың.
Тебірентер жанымды,
Жұпар иісті даламсың!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter