Өлеңдер ✍️

  12.09.2024
  38


Автор: Жаңаөзен қаласы

Жаңаөзенім сен менің жарқыраған

Жаңаөзенім сен менің жарқыраған,
Алпысыншы жылдары бой көтерген.
Батылдықпен үн қатқан, сыйластықпен,
Мұнайлы-газ қаламсың, ғашық еткен.

Жаңаөзенім сен менің таңың арай,
Келген адам кетпейді таңырқамай.
Сенде туған жандарда арман бар ма,
Тұрса егер, қуантар, жабырқап-ай!

Жаңаөзенім сен менің шаттығымсың,
Тамыр жайған хош иіс, бақ-гүлімсің.
Өзің жайлы ән-жырды шырқап айтар,
Жаңаөзенім сен менің тәтті үнімсің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу