09.09.2024
  14


Автор: Көкшетау қаласы

Құттықтаймын Көкшетаудың күнімен!

Құттықтаймын, Көкшетаудың күнімен,
Көкшетаулық тұрғындар мен қонақтар.
Кербез сұлу Көкшетауы Арқаның,
Жайнай берсін орындалып талаптар!

Құттықтаймын Көкшетаудың күнімен,
Жаны жайсаң, тәуелсіз ел Қазағым.
Көкшетаудай жайнай берсін қаламыз,
Әр күн сайын артып сұлу ажарың!

Құттықтаймын Көкшетаудың күнімен,
Қазағымның сұлу кербез, Көкшесі.
Көкшетауым жасай берші, жасай бер,
Бар жақсының еселеніп көпшесі.

3) Құтты болсын Көкшетаудың күні бұл!

Көкшетаудың түрғындары мен қала қонақтары! Сіздерді Көкшетау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көкшетаудың көк майса, жасыл алқап, қарайғайлы ормандары мен таулы аймақтары, Оқжетпес бастаған, Бурабай көлі, Жұмбақтас жері барлығы да сұлу Көкшенің байлықтары мен тарихи орындары! Осы байлықтарымыз жанданып, келер ұрпақтарға мұра бола берсін, Көкшетау жері күн сайын жарқырап, жайнай берсін! Қала тұрғындарының жүздерінен күлкі кетпей, алтын, күміс, лағылдай жандана берсін, жарқырай берсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу