Эсселер ✍️

  09.09.2024
  66


Автор: Көкшетау қаласы

Көкшетау менің сүйікті қалам

Көкшетау менің сүйікті қалам. Мен Көкшетаудан алыс, еліміздің оңтүстігінде тұрсам да Көкшетау қаласына барғым келе береді. Жазғы демалыс айларында көп адам шет елге шығуды армандап, мен мына қалаға Парижге не болмаса Түркияға барамын деп жоспарлап жатса, мен Көкшетауға барамын деп жоспарлап қоямын. Өйткені, Көкшетау қаласында маған ұнайтын киелі жерлері көп. Мысалыға алсақ мен былтырғы жазда Көкшетауға барып жақсы қыдырып, естен кетпес сәттермен оралдым. Бүгінгі күн ертеңгі тарих дегендей, менің ертең тарих болып қалатын сәттерім осындай, Көкшетау сияқты қалалармен бірге болса екен деймін. Өткен жылы ғана Көкшетау қаласына барсам да, биыл тағы да Көшетау жеріне барғым келіп, аңсарым ауып отыр. Көкшетау Бурабай бар, көлдің беті әдемі, Көкшетауда Оқжетпес бар көлге сәнін береді. Жұмбақтас тұр жұмбағы бар, сыры бар осы мекен деп білемін Жаратқанның сыйы бар. Суретке түсіп, жақсы естеліктерді осы Көкшетау қаласында жасай алсақ бұл деген кереметтің кереметі емес пе?! Шет елге баруға асыққанша, осындай, сұлу да көрікті қалаларымызға барайық! Бұл біздің қала, қанша барсаң да қайта-қайта барғың келіп тұратын мәртебесі биік қаламыз. Көкшетау жасай берсін! Сені жақсы көреміз, жарқырай түс, менің сүйікті қалам Көкшетау!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу