Шығармалар ✍️
Көкшетау қаласы
Көкшетау қаласына қарайтын жалпы қалаға сән беріп отырған таңғажайып орындар аз емес. Атап айтар болсақ, Көкшетау өңіріне қарайтын
Абылай хан алаңы, Кенесары үңгірі, Оқжетпес шыңы, құпияға толы Жұмбақтас жартасы. Бұл атап отырған орындар тек қазақ еліне ғана белгілі емес, алыс-жақын шет елдерге де танымал жерлер болып табылады. Қалаға арқаның сұлу кербез Көкшетауы деген теңеу сөз бекерден бекер айтылмаса керек-ті. Сұлулығы мен көркемділігі көз тартатын Көкшетау қаласымен мақтанамыз.
Сонымен қатар, Қосбатыр Құмай археологиялық-этнографиялық кешені, Батығай кесенесі, Қабанбай батыр қорым-кесенесі, Беспақыр мазары, Олжабай батырдың қабірі, Баубек батыр және Науан Хазірет кесенесі сияқты киелі орындары көп. Осындай киелі орындарымен баурап алатын Көкшетау расыменде біз үшін өте қымбат. Көкшетаудың мекеніне барғысы келмейтін жан жоқ шығар-ау деймін. Қаланың әрбір жері, әрбір киелі орындары тарих беттеріне алтын әріптермен жазылған, өзгермейтін құнды дүние. Осындай құндылыққа толы мекеніміз Көкшетау қаласы жасай берсін, жайнай берсін! Тек қана алға, менің сүйікті қалам, Көкшетауым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter