Эсселер ✍️

  09.09.2024
  28


Автор: Көкшетау қаласы

Оқжетпес тауы, Бурабай, Жұмбақтас

Көкшетау қаласына қарасты қарасаң көз тоймайтын, жеті кереметтің бірі дерсің. Табиғаты тамаша, адамға ерекше әсер беретін — Оқжетпес  тауы. Ол Ақмола облысындағы Бурабай және Шабақты көлдерінің аралығында орналасқан биік жартас болып табылады. Бұл Көкшетау қыратының ең биік жері – Көкше жанында орналасқан. Тарих беттеріне қарайтын болсақ, бұл Оқжетпес тауын Герцин қатпарлығы тауларының мүжіліп жазыққа айналуы нәтижесінде пайда болған дегенге саяды. Айналасы тіптен ғажап, көркіне қарап таңырқай бересің. Гранитті жартастан түзілген, беткейі тік, қарағай, қайың өседі. Тау жартасында қарағайлы қайың өскенінің өзі бір Құдайдың құдыреті емес пе?!  
Ал Бурабай ше, Бурабай көлі туралы не білеміз? Табиғатының сұлулығы жайында айтпасақ та белгілі дүние емем пе, өйткені Оқжетпес тауының өзі осы Бурабай көлінде орналасқан десек те болады. Көкшетау қыратындағы тұйық көл. «Ақмола облысының Бурабай ауданында, Көкше тауының шығыс баурайында, теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте орналасқан» бұл Бурабай көлі жалпы Көкшетау қаласынан жырақтау болса да, осы Көшетау қаласы айтылар болса Бурабай мен Оқжетпес, Жұмбақтас бірге айтылады, солай емес пе?
Жұмбақтас демекші, Жұмбақтас жайлы да біле отырғанымыз жөн болар. Ол үшін тағы да ғаламтордың көмегіне жүгінер болсақ, «Жұмбақтас – Әулиекөлдің (қазіргі атауы Бурабай көлі) сол жағында, Көкше мен Теміртау тауларының айырығында орналасқан жартас» делінген. Пішіні перамидаға ұқсақ болатынын, жиектері дөңгеленген граниттен тұратынын, биіктігі 18 метр екендігі жазылған.
Жалпы Жұмбақтас туралы көптеген аңыздар бар, бірінде бай қызының сүйіктісімен қашып, осы Бурабай көліне келіп мекендейді. Кейіннен қыздың ағалары қыздың сүйіктісін садағымен бір атқаннан өлтіріп, қыздың қайғыдан құса болып Құдайға жалбарынған сәті, яғни «Мені осы қалпымда қайғыдан арылтып, тасқс айналдыршы» деп сұрағаны, содан тілегі қабыл болып, қыз жұмбақ күйде тасқа айналғаны туралы жазса, бірінде тұтқынға түскен қыздың Оқжетпес шыныңан Бурабай көліне секіріп кетуінен осы қыз бейнесіндегі «Жұмбақтас» пайда болған деседі. Кім қалай айтса да, қыздың бейнесіндегі бұл Жұмбақтас қазіргі таңда Көкшетауға қыдырып барушылардың қызықтап, Жұмбақтас алдында суретке түсу орнына айналғаны білеміз. Ия, бұл біздің тарихи көрікті аймағымыздың бірі. Қанша уақыт, қанша жыл тіпті ғасырлар өтсе де Жұмбақтастың бұл әдемі көрінісі өзгермейді, бұл расыменде өзгермейтін тарихи мұра.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу