09.09.2024
  29


Автор: Көкшетау қаласы

Көкшетау қаласының тарихы

Әр қаланың өзіндік қаланған уақыты мен тұрмыс тіршіліктері бар. Сол сияқты Көкшетау қаласының да қаланған уақыты мен өткен күн тарих болып кеткен шақтары бар.
Тарих беттеріне қарайтын болсақ, сонау 1868 жылы Көкшетаудың сыртқы округі таратылып, оның орнына Ақмола облысына бағынатын «Көкшетау уезі» құрылғандығы туралы жазылған-ды. Арада 27 жыл өткен соң, яғни 1895 жылы Көкшетау бекінісіне қала мәртебесі беріледі.
«Ал 1898 жылы жарық көрген «Ресейдегі болыстар мен елдімекендер» деген басылымда Көкшетау уездік қала делініп, «онда 2 мешіт, 1 шіркеу, пошта-телеграф кеңсесі, бастауыш мектеп, 15 орындық аурухана, дәріхана, 2 дәрігер бар» деп жазылған» (ғаламтордан)
Тағы да ғаламтордағы деректерге зер салар болсақ, сол уақытта салынған үйлерінің барлығы дерлік ағаштан қиылып(кесіліп) салынатын болған екен. Соған байланысты Көкшетауды кезінде «ағаш қала» деп те атаған көрінеді. Қызық дерек.
1910 жылы шойын құю шеберханасының механигі Захаров тұңғыш рет өз киноаппаратымен дыбыссыз киноны алғаш рет осы Көкшетау қаласының тұрғындарына көрсеткен деседі.
1944 жылы 16-наурызда орталығы Көкшетау болған Көкшетау облысы құрылады. 1999 жылдан бастап Көкшетау қаласы Ақмола облысының орталығына айгалып, бұл күндері «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» деген атқа ие болып отырған сұлу қала.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу