Эсселер ✍️

  09.09.2024
  24


Автор: Көкшетау қаласы

Арқаның кербез сұлу Көкшетауы

Ия, Көкшетау қаласы Солтүстік Қазақстан аумағында орналасқан Арқаның кербез сұлу Көкшетауы. Неге бұлай дейміз, қарап отырсақ Көкшетау қаласының аумағына барлық сұлулық топтасып жиналғандай көрінеді. Оған дәлел көз тартатын таулары қандай, Бурабай көлі, Оқжетпес шыңы, сол сияқты Жұмбақтас қандай әдемі десеңізші. Қарағайлы орманды алқаптары жаныңды баурап алады. Сонымен қатар Тау етегіндегі жасыл желекті көрінісі қандай десеңізші. Шаһарға саяхаттап барсаңыз Көкше жерін таңдап, сол жерден табылғаныңызға өкінбейсіз. Демалыс орындары қаншама жанға жайлы таныс тіршілігі бар.
Ал табиғаты таңғажайып, көрсең көз тоймайтын сұлу жер осы біздің Көкшетау жерін айта аламыз. Ол жайлы «Қазақтың Швейцариясы» деген теңеуді көп естіп те жатамыз. Кербез көкшенің сөзбен айтып, бейнелеуге тіл жетпес деймін-ау. Көркемдігі жайлы алаштың нар тұлғалы ұлдары да қалам тербеп, өскелең ұрпақтың жадында сақталар құнды дүниелер жазып қалдырғанын айта аламыз. Атап айтар болсақ, Мағжан Жұмабаевтың “Батыр Баян” поэмалары, Сәкен Сейфуллиннің “Көкшетау”, Сәбит Мұқанов, Жұмағали Саин, Жақан Сыздықов сынды ақын-жазушылардың шығармалары, Манаш Қозыбаев, Жанұзақ Қасымбаев тағы да басқа тарихшы-ғалымдардың зерттеулері осы Көкшетау жеріне арналған.
Міне осындай сыры мен жыры көп, әні мен күйі көп Көкшетау өңірі Қазақстан жерінің ең көрікті жерлерінің бірі. Біз Көкшетаумен мақтанамыз. Жасай бер, қазақтың Көкшетауы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу