Өлеңдер ✍️

  09.09.2024
  88


Автор: Көкшетау қаласы

Көкшетаудың қаласы

Көкшетаудың қаласы,
Сұлу қандай, қарашы.
Жарқыраған жұлдызы,
Жайнаған кең даласы.

Бурабайдай көлі бар,
Жасыл-желек белі бар.
Оқжетпестей шыңының,
Маған қара, келі бар.

Жұмбақтастың жұмбағы,
Тұнған ғажап сырлары.
Көкше жері осындай,
Тамсамдырар қырлары.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу