Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.09.2024
59
Сұлу жері Көкшенің
Сұлу жері Көкшенің,
Баурап алар көркемім.
Дер едім мен өзіңді,
Мәңгі жасыл көктемім.
Бурабай боп ән салам,
Оқжетпес боп тамсанам.
Бар әлемге мен-дағы,
Жұмбақтас боп жар салам.
Еркелеймін саған мен,
Артық деймін, бағаң ең.
Көкшетауым дейтіндей,
Шақырғандай, маған кел!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter