Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.09.2024
46
Көкшетауым осындай
Қарағайлы, орманы бар даласы,
Қандай сұлу тауларының арасы.
Сырбас сырлы жаныңызды баурайтын,
Көкшетауым міне осындай, қарашы.
Арайланған сұлу таңы Көкшенің,
Қала жайлы айтарларым көп менің.
Бурабайдың көлі жаулап алады,
Күлім қағып, жымың қағып көкте күн.
Оқжетпестің шыңына бір қараңыз,
Жұмбақтасты жақсылыққа балаңыз.
Жанға сая табиғаты тамаша,
Осы біздің Көкшетаудай қаламыз...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter