Шығармалар ✍️
Саған барам асығып, Шырайлы Шымқалам
Шымқалам деп, еркелетіп те айтып жатамыз. Шымқалам деп сөйлесек барлығы да Шымкент жайлы айтып отырғанымызды біледі. Өйткені, Шымқала болып атанып, халықтың жүрегінен орын алған бірден бір қала осы Шымкент деп айтар едім. Ол ыстық қала, ауа райы қандай ыстық болса адамдарының да бір біріне деген бауырмалдығы соншалықты ыстық. Сондықтан Шымқаламмен мақтанамын. Қарап отырсақ қаншама елімізге танымал тұлғалардың көпшілігі осы Шымкенттен шыққан десем қате айтқаным емес. Солай емес пе? Тұрғындары еңбексүйгіш, жандары жайдары асыл жандар. Бір-біріне деген сыйластықтары жоғары, сіз біз десіп, мереке мен жиналыс тойларда бір ортадан табылатын мейірімді де мерейлі тұрғындар. Қонақжайлылықтары қандай керемет десеңізші, бауырмал, жанашыр жандар.
Жылдан жылға қала аумағы үлкейіп, жанданып, көркейіп келеді. Басқа қалаларға қарағанда арзаншылықты сақтап тұр десем тағы да қате айтқаным болмас.
Сонымен қатар Шымкент – қазақтың көне салт-дәстүрлерін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып келе жатқан қала болып табылады. Салт-дәстүрдің қайнар бұлағы десек те болады. Мәдениет пен әдебиетті қолдап, қолпаштап отыратын білім ордалары бар дербес қала.
Осындай қалаға қалай бармайсың, қалайша мақтан етпейсің?! Өз басым Шымкентке барған сайын ерекше әсер аламын. Сағынышым артып, Шымқалаға барғым келіп тұрады. Көз тартатын көрікті жерлері тіптен тамаша. Жанға жайлы, көңілге тыныштық ұялатады.
Міне, осындай Шырайлы Шымқалам!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter