07.09.2024
  49


Автор: Шымкент қаласы

Шымкент жасыл, ыстық қала

Шымкент қаншама жыл Оңтүстік Қазақстан Облысының орталығы болған қала. Айналасы жасыл-желек, бау-бақшалы жайдарлы мекен. Қазіргі таңда Түркістан облысы болып, орталығы Түркістан қаласы болғанымен Шымкент өз алдына дербес, дамыған ерекше Оңтүстіктің жүрегі болып қалатыны анық. Шымкент қаласының қысы жанға жағымды болса жазы ыстық, жаныңа бір ерекше әсер беретіндей. Ал қала тұрғындарының көңілдері ашық жарқын, мейірімді. Халық саны жағынан 1миллионнан асқан, еліміздің үшінші қаласы болып табылатын Шымқаланың тұрғындарын расымен өте мейірімді, жүректері ақ пейілді дей аламыз. Оңтүстік десек, бірден Шымкент еске түсетініне қарасақ Шымқаланың Республика үшін маңыздылығы өте жоғары екендігін байқаймыз.
Қалада көптеген жастардың баратын ойын-сауық үйірмелері бар, спорт жағынан да, өнер ән, би, ақындық жағынан да кемде емес Шымқаланың әлі де алда жанданып, жаиқырайтынына сенімім кәміл. Шымкенттің тұғыры биік, бұрыннан келе жатқан көне қала болғанымен жыл сайын көркіне көрік, сұлулығына сұлулық қосып, алға бастап келе жатқан қала. Шымкент шаһары, біз сенімен мақтанамыз, біз өзіңнен бақ табамыз. Біз өзіңмен бапталамыз. Жарқыраймыз, жанамыз, біз өзіңмен болашаққа аттанамыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу