Шығармалар ✍️
Шымкенттің тарихы
Шымкент — көне қала. Оған дәлел ғалымдардың осы уақытқа дейін Шымқаланың аумағындағы қоныстар 11-12 ғасырлардан басталады деп болжам жасаған. Бұған дәлел археологиялық қазбалар мен құрылыс барысында қабырғалардың табылғаны себеп болып отыр. Археологиялық қазба жұмыстарына назар аударар болсақ Шымкент қаласы бұрыннан-ақ адамдарға қолайлы, жасыл-желекті қала болған. Археолог мамандардың сөзіне сенер боллсақ тау етегінде өзен бойындағы алқаптарда егіншілік пен жүзімдік, ал көгалды таулы жайылымдарда — мал шаруашылығы дамыған жақсы дамыған.
Сол уақыттың тарихына үңілер болсақ, қала бірнеше басқыншылардың жойқын шабуылдарына ұшыраған. Атап айтар болсақ, Шыңғыс хан, жорықтарға жасақтарымен қала арқылы өтіп, қаланы иемденіп алған. Ақ Орда және Алтын Орда хандары жүргізген соғыстардың нәтижесінде қала Әмір Темірдің қол астына кіреді. XV ғасырдың басынан Шымкент XVIII ғасырдың жартысына дейін Жоңғар шапқыншыларының тонауына ұшырайды. Осындай соғыстар мен тонауларды басынан өткерген Шымқалам өзінің жасыл-желекті, бау-бақшалы аймақтарын сақтап қалған. Қаншама жорықты көрсе де өз маңыздылығын жоғалтпаған Шымкент осы күнге дейін еңсесін биік ұстап, Республика көлеміндегі үлкен қалалардың бірі де бірегейі болып қалған Мегаполис.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter