Эсселер ✍️

  07.09.2024
  51


Автор: Шымкент қаласы

Міне осы Шымқалам

Шымкент жайлы сөз қозғамас бұрын қаланың атауына назар салар болсақ. «Шымкент» деген сөздің алдыңғы буыны, яғни «Шым» деген «жасыл-желек, бау-бақшалы» дегенді білдірсе, «кент» деген сөз парсы тілінен «қала» деп айтылады екен, сонда «Жасыл қала, Шымқала» атаулары осыдан шықса керек. Тіпті кей жерлерде «Гүлденген қала» деген атауды да естіп жатамыз. Шымкентті қалай атасақ та жарасып кетеді, оған ешкімнің де дауы жоқ шығар. Шымқалам халқының көптігі жағынан Қазақстанның қалаларының ішінде үшінші орын алады. Яғни, Астана, Алматыдан кейінгі үшінші қала. Бұл дегеніміз Шымқаланың Республикамыз үшін қандай маңызы барын айқын көрсетіп отыр.
Тағы да бір айтатын мәлімет, Шымкентті алғаш рет 1945 жылы аудандарға бөлу жүзеге асырылды. Сол уақытта Центральный, Железнодорожный және Заводской әкімшілік аудандары құрылды. Ал КСРО-ның тарауы қарсаңында 1989 жылғы Бүкілодақтық халық санағы мәліметтері бойынша қала 3 ауданнан тұрған: Абай, Еңбекші, Әл-Фараби (бұрынғы Дзержинский ауданы)
Қазіргі уақытта Шырайлы Шымқала 5 әкімшілік ауданнан тұрады: Абай, Еңбекші ауданы, Әл-Фараби ауданы, Қаратау ауданы және Тұран ауданы. Міне, осы менің Шымқалам! Шымқалама-ай таң қалам. Осы менің жүрегім, жазбам осы арнаған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу